1 қыркүйек-Білім күні
01.09.2026
Білім күні 1 қыркүйекте атап өтіледі және жаңа оқу жылының басталуын білдіреді. Қазақстанда бұл күн ресми түрде мереке күндерінің тізіміне енгізілген. Біздің мектепте оқушыларды, мұғалімдерді және ата-аналарды құттықтаған салтанатты жиын өтті.
Білім күнінің басты мақсаты-мерекелік көңіл-күй қалыптастыру, білім берудің маңыздылығын, білімге ұмтылуды, жауапкершілікті және бір-біріне деген құрметті еске түсіру. Білім күні-бұл мектептің алғашқы күні ғана емес, сонымен қатар жаңа мүмкіндіктердің, мақсаттардың, ашылулар мен жетістіктердің символы.
Просмотров: 221